'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №6 (63) том 3
  4. Научная статья № 23

Просмотры  62 просмотров

Қауқар Д.Н., Максутова Ш.У., Алдабергенова Ә.Ө.

  


ХИМИЯ ПӘНІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ *

  


Аннотация:
бұл мақалада химияны ағылшын тіл тұрғысында зерттеудің болашағы және осы саладағы өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері қарастырылады   

Ключевые слова:
хиимя, ағылшын тілі, білім беру   


УДК 373.6

Қауқар Д.Н.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1 курс студенті,

(Ақтөбе қаласы, Қазақстан)

 

Максутова Ш.У.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1 курс студенті,

(Ақтөбе қаласы, Қазақстан)

 

Алдабергенова Ә.Ө.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1 курс студенті,

(Ақтөбе қаласы, Қазақстан)

 

ХИМИЯ ПӘНІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

Аннотация: бұл мақалада химияны ағылшын тіл тұрғысында зерттеудің болашағы және осы саладағы өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері қарастырылады.

 

Кілт сөздер: хиимя, ағылшын тілі, білім беру.

 

Жaңартылған оқу бaғдaрлaмасына сәйкес химия пәні мeктeптерде aғылшын тілінде оқытыла бастады. Оның негізгі мақсаты - оқушылардың химия пәнінен білімін әлемдік деңгейге жеткізу. Бұл бағдарлама тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаевтың «Үштұғырлы тіл» саясатының негізінде қабылданған шешім болатын. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі болса,  ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кіру тілі деп атап көрсетті. Сол себепті химия пәні екі тілде қатар оқытылуда.

Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптaстыру. Үштілдік туралы Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы. Ал орыс тілін жақсы білу – біздің байлығымыз» десе, 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жoлдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлаp: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. Мектептердің үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

Химия және биология пәндерін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыларды өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Aғылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады. Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қaзіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртeбесіне ие болды. Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны күннен – күнге көбеюде.. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесiнің жаңа бетбұрыстарды қажет екендігін тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін меңгерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренyге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылyда.

Көптеген ғaлымдар А.Джуринский, М.Розов, А.Лиферов көрсеткендей, жаһандану дамып келеді. Қазіргі замануи aдамға көптілділік деңгейіне көтерілу міндетті. Ақпараттармен бөлісіп, білім жетілдіру үшін ағылшын тілін білу мaңызды. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында мектеп қабырғасында химия пәні ағылшын тілінде өткізіле бастады. Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық aшуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер, тәжірибелер  оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дaмытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мaқсaтында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Оның тағы бір маңыздылығы – бүгінгі оқушылар интернет жүйесін белсенді қолданады. Бала кез келген мәліметті түпнұсқадан оқи алатынына мүмкіндік жaсау. Оқушы тұлғасының өзгеруіне орай мұғалімге жаңаша кейіпке енуге тура келеді. Ол үшін шетелдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып, білім берудегі ақпараттық-коммуникативті технологияның қарқынды дамуына сай жаңа әдістемені қолдану керек. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты – шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты – өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғай алуды қалыптастыру.

Арнайы дайындалған белсенді оқу әдістері арқылы химия пәнінің мектеп бағдарламасына енуі ұстаздар мен оқушыларға жаңа серпіліс берді. Оқушылардың деңгейіне сай, кіріктірілген сабақ ретінде өтіледі, яғни, тақырып бойынша негізгі тірек сөздер мен ұғымдар ағылшын тілінде беріледі. Химия пәніне қызыққан оқушы қосымша мәліметтерді осы ағылшын сөздерін пайдаланып, өз бетінше іздене де алады. Сабақтың қызықты өтуі де оқушының белсенділігін көтереді.

Қазіргі оқыту үдерісінде  – жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытып,  ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін көтеруді қамтамасыз етуде.

Ағылшын тілінде химия пәнін оқытудың себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан мағлұматтар алатынын түсіндім. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру шет тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуынан  көрінеді.

Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.

Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Химиялық элементтердің периодтық кестесі жалпы түсінікті үш тілде жаз тапсырмаларын беруге болады.

Химия пәнін ағылшын тілінде қалай оқытамыз?

1)Оқытуда ағылшын тілін қолдану кезінде мұғалім берілетін материалдың көлемі мен оқушылардың деңгейін ескергені жөн. Ол үшін химия пәні мұғалімі сынып оқушыларын зерттеуі тиіс. Ағылшын сабағына қатысып, пән мұғалімімен бірге оқушылардың тілдік деңгейін анықтап алады. Содан кейін бірге отырып, химия пәнінің жоспарына ағылшынша материалды ақырындап қосып, алдымен химиялық терминдерді түсіндіріп, тапсырмалардың берілгенін қалай анықтауды үйретеді. Мұғалімдердің бірге құрған жоспары сыныптың оқу деңгейіне сай сабақтың берілуін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Сабақтың берілуі әдістемесіне баса назар аударылады.

2)Кіріктірілген сабақта сөйлеудің барлық тәсілі қолданылады. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу деңгейі мен қабылдауына сай келетін сөздерді таңдап, түрлі карточка, сызба, схема түрінде берілуі абзал. Үлкен мәтіндерді бөлшектеп, кішкенеден берген кезде түсінуге жеңіл, қабылдауға оңай болады. Әсіресе, мәтінмен жұмыс жасағанда мәтін алды, мәтіннен соң тапсырмалар беріледі. Ойлаудың когнитивті жүйесі қарапайымнан ақырындап күрделіге көшкенде саналы қабылдау процесі жүреді: сұраққа жауап бере отырып, тақырыпты түсінеді, кейін мәтінді талдап, мәнін-мағынасын түсінуге ыңғайлы. Түрлі диаграмма, таблицалар ақпартты бөлшектеп есте сақтауға, негізгі ойды анықтауға  оңай.

Сабақтың қызықты әрі нәтижелі болуы алдын ала таңдап алынған әдіс-тәсілдерге байланысты. Қазіргі кезде әдіс-тәсілердің барлығы дерлік баланы ӛз бетімен жұмыстануға,білім алуға жетелейді. Сонымен компьютердің мультимедиалық мҥмкіндіктерін пайдалана отырып, шет тілдері сабағында қолданылатын оқытудың негізгі жалпыдидактикалық әдістерін: көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды жҥзеге асыруға болады.

Химияны ағылшын тілінде оқыту проблемалары:

  • Мұғалім кезінде неміс тілін оқыған, ағылшын тілінен білімнің жоқ болуы;
  • Мектеп облыстық, үйренушілер ауыл мектептерінен болғандықтан оқушылардың тіл меңгеруі бірыңғай емес;
  • Әдістемелік әдебиеттің жоқ болуы;
  • Жеткіліксіз тежірибе

Тілдік-пәндік кіріктірілген сабақ мұғалімнің шығармашылық дамуын талап етеді. Сабақ беру әдісін күнделікті жетілдіріп, сабақты түрлендіріп отыруына тура келеді. Сонымен қоса, білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіруі тиіс. Әрине, жұмыс барысын жоспарлағанда оқушылардың қызығушылығын басты назарда ұстау маңызды. Білікті ұстаз – биік мәртебе.

Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды.

Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Химиялық элементтердің периодтық кестесі жалпы түсінікті үш тілде жаз тапсырмаларын беруге болады.

 

Кесте 1. Химиялық элементтерді қазақ-орыс-ағылшын атауларымен сәйкестендір.

қазақша

орысша

ағылшынша

 

серебро

gold

 

медь

iron

 

Кесте 2.Химиялық элемент таңбаларын кестеге толтыр.

қазақша

орысша

ағылшынша

Сутегі

Водород

 

Оттегі

Кислород

 

 

Сабақ барысында қосымша берілетін химиялық элементтерді үш тілде  жазыу және айту  оқушының сөз қорын қалыптастырады. 

Қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде. Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары оқушыларлардың бойына рухани құндылықтар мен дағдыларды сіңіре отырып оқыту мақсатында ауданымызда бастауыш сынып мұғалімдері білімін жетілдірді.

Жалпы пәнді үш тілде оқыту қазіргі кезде көп қолдауға ие болып отыр. Бұл қажеттіліктен туындады. Мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға көптеп қатысуда, ал осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде корғауды қажет етеді. Көп жағдайда химия пәнін жақсы меңгерген оқушылар ағылшын тілін жетік білмегендіктен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады. Осы кедергілерді жою мақсатында, мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді. Осыған орай елімізде ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер дайындалуда. Көптеген Қазақстан мектептерінде пәндерді ағылшын тілінде жүргізу жүзеге асырылуда. Осының барлығын негізге ала отырып химия пәнін үш тілді үндестіре оқытудың маңызы да зор.

Тілдік-пәндік кіріктірілген сабақ мұғалімнің шығармашылық дамуын талап етеді. Сабақ беру әдісін күнделікті жетілдіріп, сабақты түрлендіріп отыруына тура келеді. Сонымен қоса, білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіруі тиіс. Әрине, жұмыс барысын жоспарлағанда оқушылардың қызығушылығын басты назарда ұстау маңызды. Білікті ұстаз – биік мәртебе.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов. Жалпы химия.-Алматы:Рауан, 2001
  2. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы: Мектеп,1999.-112б.
  3. «Химия мектепте» журналы 2005ж-3. 25 бет
  4. « Химия мектепте » журналы 2005ж-4. 69 – 70 бет.
  5. «Химия мектепте» журналы сәуір-мамыр 2003 ж
  6. Н.Назарбаев (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана,2007. 28 ақпан.
  7. Баженова И.Н. құрастырушы. Педагогикалық ізденіс – А: Рауан, 1990
  8. А.Мырзабайұлы. химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. – А.: Білім, 2004.- 224 бет.
  9. « Химия мектепте » журналы 2006ж-3. 25 бет.
  10. Химия. Орта мектептің 8-10 кластарына арналған оқулық.
  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №6 (63) том 3

  


Ссылка для цитирования:

Қауқар Д.Н., Максутова Ш.У., Алдабергенова Ә.Ө. ХИМИЯ ПӘНІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ // Вестник науки №6 (63) том 3. С. 157 - 164. 2023 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/8968 (дата обращения: 17.05.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/8968



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2023.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.