'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №4 (73) том 2
  4. Научная статья № 130

Просмотры  8 просмотров

Сарыүйсін С.Н.

  


ХЕМОФОБИЯ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ? *

  


Аннотация:
қазіргі қоғамда химиялық заттардан қорқыныш артуда. Бұл мақалада хемофобияның өз алдында берер пайдасы мен ғылымға келтірер зияны туралы. Химиялық сауаттылықтың төмендігінен қоғамның және ғылымның дамуына кедергі келтіреді. Жасыл химия химиялық сауаттандыруға көмек және хемофобтарға жауап ретінде таралуы қажет   

Ключевые слова:
химия, хемофобия, жасыл химия   


УДК 54

Сарыүйсін С.Н.

2 курс магистранты, факультет: Химия  - 7М01510

Жаратылыстану және география институты

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

 (Алматы қ., Қазахтан)

 

ХЕМОФОБИЯ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ 

ОНЫМЕН КҮРЕСУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

 

Аңдатпа: қазіргі қоғамда химиялық заттардан қорқыныш артуда. Бұл мақалада хемофобияның өз алдында берер пайдасы мен ғылымға келтірер зияны туралы. Химиялық сауаттылықтың төмендігінен қоғамның және ғылымның дамуына кедергі келтіреді. Жасыл химия химиялық сауаттандыруға көмек және хемофобтарға жауап ретінде таралуы қажет.

 

Кілт сөздер: химия, хемофобия, жасыл химия.

 

Кіріспе.

Үйде, киімде, тамақта, дәрі-дәрмектерде және адамдардың өздері химиялық құбылыстың күрделі жиынтығының арқасында өмір сүреді. Табиғат құбылыстарының барлығы дерлік химиялық өзгерістерге ұшырап отырады, оларға: тотығу (тыныс алу, жану, ашу), фотосинтез, хемосинтез және т. б. жатады. Тағам дайындауға ашу процесі көмектессе, ал оған ұқсас химиялық құбылыс шіру ақуыздарды қарапайым қосылыстарға ыдыратады да, қайтадан табиғат айналымына қайтарады.  Адам дем алды - ауамен бірге ағзаға оттегі еніп, әр жасушада органикалық заттардың тотығуының химиялық реакциялары басталды. Ол дем шығарды - ауаға көмірқышқыл газы бөлінді, содан кейін ол өсімдіктерге сіңіп, фотосинтез арқылы көмірсуларға айналады.

Неліктен адамдар химиялық элементтер мен құбылыстардан тұратын әлемде «химия» сөзін естісе  үрейленеді? Бұл қоғамға қанадай әсер етуде?

Негізгі бөлім.

Қазіргі заман ғылымының шындығы - хемофобия. Хемофобия – химиялық немесе “табиғи емес” заттардың адам өміріне кері әсер беру мүмкіндігінен қорқатын психологиялық ауытқу. Мұндай бұзылыспен адам, мысалы, құрамында бояғыштары бар өнімдерді жеуге, синтетикалық маталардан киім киюге немесе тұрмыстық химикаттарды қолдануға тура келеді деген ойдан үрейленеді. Шкодич, П. Е., Клаучек, С. В., Деларю, В. В  жұмыстарында бұл мынадай мағынада көрсетіледі: бұл психикалық бұзылыс, онда адам барлық табиғи емес және химиялық заттардан мүлдем бас тартады [1]. Басқа қорқыныштар секілді бұндай фобия адамның дамуына кері әсер береді.

Бұл қорқыныштың пайда болуының бірнеше себептері бар, ол адамның химиялық күйіктер немесе улануы, бала кезінен бастап адамды қоршап тұрған барлық нәрсенің абсолютті органикалық заттарының қажеттілігі мен пайдасы туралы діни немесе идеологиялық нанымдармен тәрбиеленген болуы мүмкін. Тағы бір себеп тек табиғи нәрсе пайдалы, ал жасанды нәрсе денсаулыққа зиян тигізеді немесе зиянды - жасанды материалдармен байланыста болатын аурулар туралы жағымсыз жаңалықтар мен қауесеттерге сезімтал болады деген сенім болуы мүмкін.

Әрине, бұл қорқыныш қазіргі заманғы адамның күнделікті өміріне енетін тазалау құралдары, косметика, тамақ өнімдерін қоса алғанда, сапасыз тауарлардың көптігімен күшейеді. Мұның бәрі сөзсіз стресс пен эмоционалдық проблемалар аясында психикалық бұзылуларға әкеледі.

Хемофобияның қоғамға пайдасы.

Хемофобия 1960 - 1970 жылдары ауыл шаруашылығында пестицидтер мен инсектицидтердің кеңінен қолданылуына байланысты қоғамда қорқыныш жинала бастаған кезде пайда болған. Осы заттардың зиянды салдары туралы кең және дәлелді деректерді келтірген  Рэйчел Карсоннан бастама алған, ол өзінің «Үнсіз көктем» кітабында «Химиялық заттар - тірі организмдерге енетін радиацияның қорқыныштысы және аз белгілі серіктері», - деп жазды [2].

Біздің ойымызша, хемофобия адамзат өркениетінің даму ерекшеліктерімен, оның адам әрекеті (оның ішінде химия өнеркәсібін жетілдіруге бағытталған) қоршаған әлемге айтарлықтай әсер ете бастаған прогресімен байланысты [3]. Адам пайда болғалы үлкен прогреске келді, табиғи жағдайға бейімделетін тіршілік иесінен қоршаған ортасын өзгертетін күшке айналды. Бұл, ең алдымен, халық санының өсуіне және соның салдарынан қоршаған ортаның өзгеруіне әкелді: СО2 концентрациясының жоғарылауы, флора мен фаунаның түрлілігінің жойылуы, биогендік элементтердің – азот пен фосфордың циклдерінің бұзылуы. Дақылдардың өнімділігін арттыру мақсатында зиянкестерден қорғау, жаңа материалдар мен өнімдер алу, көлікті дамыту, дәрі-дәрмек жасау арқылы адамзат планетаға күтпеген зиян келтірді.

Карлсон сияқтылардың арқасында әлемнің көптеген аймақтары адамның қауіпті химиялық қосылыстар әсеріне ұшырауын азайтатын, сондай-ақ зиянды заттарды анықтаудың жетілдірілген әдістерін қолданатын әлдеқайда қатаң ережелерді енгізді.

Осылайша, бір жағынан, біз адамзат алған білімнің және ғылымның, соның ішінде химияның жетістіктерінің қарқынды дамуын байқаймыз. Ал екінші жағынан, адамдар мен қоршаған орта үшін химиялық заттардың ықтимал қауіпті мөлшердің өсуін байқаймыз.

Химофобия деңгейін социологиялық зерттеулердің деректеріне сүйене отырып анықтауға болады. Алайда, олардың нәтижелері әр елде әр түрлі болады, өйткені зерттеудің өзі бұқаралық ақпарат құралдарында, білім беру жүйесінде және белгілі бір мемлекеттің басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Химияға айқын теріс көзқарас - Швецияда (халықтың шамамен 80% - ы теріс көзқараста), Франциядағы ұқсас жағдай [4]. Ұлыбританияда химия мен химиялық технологияға бейтарап көзқарас басым [5]. Сонымен қатар, оның халқы көбінесе химияны ғалымдардың өздеріне қарағанда оң қабылдайды. Мысалы, тұрғындардың 59% - ы бұл зияннан гөрі жақсылық әкеледі деп санайды, ал ғалымдардың тек 55% - ы теріс пікірде [4].

Хемофобия қоғамды зиянды химиялық заттардан қорғауға үлкен септігін тигізді. Қолданатын тауарлардың барлығы магазинге бармас бұрын бірнеше тексеруден өтеді. Әлеуметтік желілерде әрбір затты қолданған адамдардың пікірлерін оқып білуге болады. Затты қолданбас бұрын осылайша өзіңнің және жақындарыңның денсаулығына кері әсер бермеуіне кепіл болуға болады.

Хемофобияның қоғамға зияны.

Экологтардың бағалауы бойынша, 2018 жылы адамзаттың қажеттіліктері табиғат мүмкіндіктерінен 1.5 есе асып түсті. 2019 жылы бір жылға есептеу бойынша жер ресурстары 29 шілдеде таусылды. Осы тенденцияны сақтай отырып, 2050 жылға қарай адамзаттың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үш Жер планетасы қажет болады. Адам қажеттіліктерін қанағаттандыру барсыныда қолданылған  заттарды өңдеу керктігі, табиғи заттардың орнына аналогтарын қолдану шаралары жүргізілуде. Күнде ауруханада адам өлімі қанның ауруына байланысты немесе қан жетспеушілігінде. Донордың қаны сапалылығының аздығымен шектеледі, себебі белгісіз донормен бірге оның аурулары (қанмен берілетін СПИД, гепатит, сифилис) берілед. Алғаш рет гемопоэтикалық дің жасушаларынан "пробиркада" өсірілген эритроциттерді адамға инъекциялау 2011 жылы сәтті жүргізілді. Химия ғалымдарының зерттеулерімен жасанды қанның таралуы басталды [6]. Бұл бірнеше адамның қауіпсіз түрде өмірін сақтап қалуда.

Шындығында, химофобия логикалық қателіктен дамиды: табиғат жасаған барлық нәрсе жақсы, адам жасаған барлық нәрсе жаман. Табиғат өнімдерін паразиттер жасайды, адам олардан қорғайды. Барлық табиғи заттардың пайдасы туралы миф ғылымның нақты жетістіктерін бағаламауға және адамзаттың барлық өнер - табыстарына сенімсіздікпен қарауға әкеледі. Лисисчкин Г.В. айтуынша: заттың пайдасы немесе зияны әрқашан оның қасиеттеріне және оның қалай қолданылатынына байланысты болады, оны зауыттан бөліп алғанынан немесе пробиркада алғанынан емес [7]. Мышьяк, сынап және формальдегид - бұл табиғи заттар. Пенициллинді адам жасаған.

Табиғи зат асбест- өкпенің қатерлі ісігінің көптеген жағдайларына себеп және бұл органикалық ластаушы зат ретінде Стокгольм конвенциясына енгізілген.  Әлемдегі ең қауіпті заттардың табиғи шығу тегі бар, олардың көпшілігі гүлдерде кездесетін және олардың иісін анықтайтын заттар - аллергендер. Химияның қауіптілігінің проблемасы табиғи немесе адам синтездейтін заттарда емес,  адамның ақылға қонымды жауапкершілігінде.

Химиялық сауаттылықтың жеткіліксіздігі химофобияға әкеледі. 1990 жылдардың аяғында танымал электронды ресурс пайда болды, онда "дигидроген моноксиді" деп аталатын зат туралы ақпарат болды [8]. Сайтта бұл химиялық қосылыс қышқыл жаңбырдың құрамдас бөлігі болып табылады, парниктік әсерге ықпал етеді, көптеген металдардың коррозиясын тездететіндігі жазылған. Тағы да оның түтіндері қатты күйік тудыруы мүмкін. Бұл зат барлық қатерлі ісіктерде кездесетіндігі айтылған.

Осындай қауіпті химиялық қосылыс туралы білгеннен кейін әртүрлі елдердің көптеген саяси және қоғам қайраткерлері оның таралуына тыйым салуға тырысты. 2001 жылы жасылдар партиясының Жаңа Зеландия кеңсесінің қызметкері Сью Кедгли "бұл улы затқа тыйым салу науқанын толығымен қолдайтынын" мәлімдеді [9]. 2004 жылы наурызда Алисо Виехо, штат Калифорния, жергілікті билік жаппай қалалық іс – шаралар кезінде пластикті пайдаланбау туралы бастама көтерді, өйткені дигидроген монооксид – оның құрамдас бөлігі. Судья көмекшісі бұл мәселені қалалық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізуді сұрады. Кейінірек бұл үндеу "нашар зерттеумен" түсіндірілді [10]. 2011 жылдың ақпан айында Финляндиядағы парламенттік сайлауға үміткерлер "дигидроген монооксидті". шектеу керек пе деген сауалнама жүргізді. Үміткерлердің 49% - ы шектеу керек деп сөйледі [11].

Дегенімен, дигидроген монооксиді – бұл тек судың тривиальды емес атауы, Н2О, және ақпараттағы мәліметтердің барлығы дұрыс. Ісіктерде су бар, ыстық су күйік тудырады және т. б. мәселе осы ақпаратқа қол жеткізген адамдардың химиялық сауаттылығында.

Бүгінгі таңда ең бастысы - жұртшылыққа, саясаткерлерге химиялық сауаттылықтың маңыздылығын және адамзат қолданатын химиялық заттар қатысатын жаһандық процестердің мәнін түсіндіру керек, сондай-ақ олардың реттелетін өндірісі мен тұтынуын құру қажет. Бұл ұстанымдар 2015 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған тұрақты даму мақсатында атап өтілді ("тұрақты өндіріс және тұтыну" бөлімі) [12]

Осы мақсатқа қол жеткізудің бір құралы жасыл химия болды [13]. Бұл химиялық қауымдастық құрған хемофобияның алдын алу шарасы.  Жасыл химияның негізі-12 принципі бар [14]. Оларды екі жақты қанағаттануға мүмкіндік беретін ережелер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Келер ұрпаққа қауіпсіз, заманауи материалдар мен процесстерді қамтиды.

Кейбір дәрі-дәрмектерді өндіруге қажетті синтез механизмдерінің күрделі және нақты болуына байланысты фармацевтикалық препараттарды ішінара шығару қымбатқа түседі. Осы жолда Тарасова Н.П. және Макарова А.С.  жасыл химия өндіріс процестерін оңтайландыруға, дәрілік заттар мен олардың метаболиттерінің қоршаған ортаға әсерін азайтуға және реакцияларда қолданылатын улы химикаттарды барынша азайтуға көмек болатын саланы тереңінен зерттеген еді [15].

Ғылымның дамуы үшін және де хемофобияның күшін дұрыс бағытқа жіберу үшін адамдарды сауаттандыру қажет. Осы барыста жасыл химия және де экологияны ерте жастан оқушыларды үйретіп түсіндірулер жүргізілуі тиіс. Борейко В.Е. айтуынша бұл этиканың бір саласы ретінде қарастырып, мектептерде оқытылу жүйесіне енгізу тиіс [16].

Қорытынды.

Хемофобия, кез келген басқа фобия сияқты, тұрақты дамуға ықпал ете алмайтынын ескеру қажет. Шектен тыс психологиялық қорқыныштың да зардаптары сан алуан. Ғылымның тапқан өнімдерінің де адам есептеп, алдын ала біле алмайтын салдары бар. Қоғамның экономикалық және экологиялық жағынан дамуы үшін дұрыс принциптер орнату қажеттілігі туды. Бұл принцип жасыл химиядан көрініс тапты. Химияның дамуы бұл -әлемнің дамуы. Осыны дұрыс түсіну мектептен бастап химиялық сауаттандыру қарқынды түрде жүргізу қажеттілігін тудырады.

 

 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

Шкодич П. Е., Клаучек С. В., & Деларю В. В. (1997). Хемофобия

Соловьева, Т. А. "Безмолвная весна" Рэйчел Карсон и революция в общественном экологическом сознании XX века / Т. А. Соловьева // Человек, экология, культура: современные практики и проблемы : сборник научных трудов по материалам Международной молодежной научной конференции, Саратов, 10–12 апреля 2014 года. – Саратов: Саратовский государственный технический университет имени Гагарина Ю.А., 2014. – С. 206-211. – EDN WOOWYD.

Waters C.N., Zalasiewicz J., Summerhayes C. et al. The Anthropocene is functionally and stratigraphically distinct from the Holocene // Science. 2016. V. 351. № 6269. P. 137.

Moreau N.J. Public Images of Chemistry // Chemistry International. 2005. V. 27. № 4. P. 6–9.

Edwards J., Ceci C., Ratcliffe E. What the Public Really Thinks About Chemistry // Chemistry International. 2016. V. 38. № (3–4). P. 16–19.

Винник М. В. Теории искусственной крови. – 2019.

Лисичкин Г. В. (2017). Хемофобия: образовательный аспект. Инновационные процессы в химическом образовании в контексте современной образовательной политики (pp. 102-103).

Braun, Michael.   "April Fools Prank Foes Awry, Gator Country Deejays Suspended." [Bonita] News-Press.   1 April 2013.

Megan G. MP tries to ban water // New Zealand Herald. September 14, 2007. https://www.nzherald.co.nz/nz/news/article.cfm?c_id=1&objectid=1046357

Local officials nearly fall for H2O hoax. NBC News.com. March 15, 2004. http://www.nbcnews.com/id/4534017/ns/technology_and_sciencescience/t/local-officials-nearly-fall-ho-hoax/

Pitäisikö lakia tiukentaa vetyhapon saatavuuden ja käytön osalta? (in Finnish). Sosiaalinen Vaalikone. February 25, 2011. Archived from the original on May 29, 2013. https://web.archive.org/web/20130529114948/http://old.sosiaalinenvaalikone.com/kysymykset.php?id=1289

  1. The General Assembly WG Report on Sustainable Development Goals. A / 68/970. 12.08.2014

Tundo P., Anastas P., Black D. StC. et al. Synthetic pathways and processes in green chemistry. Introductory overview // Pure and Applied Chemistry. 2000. V. 72. № 7. P. 1207–1228.

Поляков М. Зелёная химия: очередная промышленная революция? // Химия жизнь. – 2004. – №6. – С. 3 – 8.

Тарасова Н. П., & Макарова А. С. (2020). Зелёная химия и хемофобия. Вестник Российской академии наук, 90(4), 353-358.

Борейко В.Е. (2007). Экологическая этика: краткий курс экологической этики для вузов и старших классов средних общеобразовательных школ. Гуманитарный экологический журнал. Т. 9, вып. 2, (рр. 22 – 51)

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №4 (73) том 2

  


Ссылка для цитирования:

Сарыүйсін С.Н. ХЕМОФОБИЯ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ? // Вестник науки №4 (73) том 2. С. 806 - 813. 2024 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/13908 (дата обращения: 17.05.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/13908



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2024.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.