'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №12 (69) том 5 ч. 1
  4. Научная статья № 95

Просмотры  28 просмотров

Көкенай М.Ж.

  


ТАЗАРТУ ҚАЗБАЛАРЫНДА МАССИВ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІНЕ ШОЛУ *

  


Аннотация:
бұл мақалада тазарту қазбаларында массив жағдайын басқару тәсілдерін қарастырамыз. Кенорындарды игеру тәжірибелінде тау жыныстары массивінің жай-күйін басқарудың бірнеше тәсілдеріне тоқталдым   

Ключевые слова:
массив, кентірек, бекітпе, толтырма   


УДК 622.271

Көкенай М.Ж.
2-курс студенті «Тау-кен ісі магистрі"
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

(Өскемен, Қазақстан)



ТАЗАРТУ ҚАЗБАЛАРЫНДА МАССИВ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІНЕ ШОЛУ

 

Аннотация: бұл мақалада тазарту қазбаларында массив жағдайын басқару тәсілдерін қарастырамыз. Кенорындарды игеру тәжірибелінде тау жыныстары массивінің жай-күйін басқарудың бірнеше тәсілдеріне тоқталдым.

 

Түйін сөздер: массив, кентірек, бекітпе, толтырма.

 

Тау-кен жыныстары массивінің жай-күйін басқарудың мақсаты кен орындарын игерудің әртүрлі сатыларында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде туындайтын тау-кен қысымының қауіпті көріністерін азайту немесе болдырмау. Кен жұмыстары мен өндіру механизмдері орналасқан қолданыстағы камералардың, блоктардың, панельдердің забой маңындағы кеңістігінде тау-кен қысымын басқаруға ерекше назар аударылады [6].

Тау-кен қысымын басқару-бұл қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және кенорындарын пайдаланудың қажетті өндірістік жағдайларын жасау мақсатында тазалау забойлары мен тау-кен қазбаларындағы тау-кен қысымын реттеу бойынша іс-шаралар жиынтығы.

Кенорындарды игеру тәжірибелерінде тау жыныстары массивінің жай-күйін басқарудың келесі тәсілдері қолданылады [1, 7]:

  1. Асты қазылған тау жыныстарын кентіректермен ұстап тұру. Бұл әдіс қазылым кеңістік массивінің тұрақты тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және жер бетінің шөгу қозғалысын алдын алуға бағытталған. Бұл жағдайда кенорындары ашық тазалау кеңістікті қазу жүйелерімен өңдіріледі, олардың мәні камераларды қазып алу және олардың арасында берік кен кентіректерін қалдыру болып табылады (1 (а) сурет.)

Тау жыныстары массивінің жай-күйін басқарудың қарастырылатын тәсілі кендер мен тау жыныстары беріктігі жоғары және пайдалы қазбаның салыстырмалы құндылығы төмен болған кезде, сондай-ақ, жер бетін жылжудан сақтау қажет болған кезде қолданылады.

 

а) - өңделген жыныстарды кентіректермен ұстап тұру,

б) - тау қысымын құлату арқылы басқару,

в) - өңделген кеңістікті толтырмалау,

h-алынатын қабаттың биіктігі.

Сурет 1. Тау жыныстары массивінің жағдайын басқару тәсілдері.

 

  1. Уақытша қалдырылатын (магазинделген) уатылған кенмен өңделген қазылым кеңістікті ұстап тұру. Қуаттылығы төмен тік құлама кенорындарын игеру барысында қолданылатын аталған массивті басқару тәсілінде блоктарды қазу процесінде уатылған кенді 60-70% қазылым кеңістікте, опырылып құлауға бейім, төнбе және жатыс бүйірдегі тау жыныстарын ұстап тұру үшін уақытша қалдырылады. Тазалау кенжарының төбесі мен бүйірі құламау үшін және тазалау жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуі үшін кен және тау жыныстары тұрақтылығы жеткілікті шамада болуы тиіс.
  2. Тазалау кеңістігін бекіту. Кен және негізігі тау жыныстары тұрақсыз және қолдауды талап еткен жағдайда қолданылады. Осы мақсатта ағаш тіректер мен бөренелер, тас қабырғалар, бетонды жолақтар мен бағаналар, металл тіректер, механикаландырылған қоршау бекітпе пайдаланылады. Бекітпенің мақсаты тазалау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті белгілі бір уақыт ішінде кенжар маңындағы кеңістіктің аршылған тау жыныстарының деформациясын болдырмау болып табылады.
  3. Тау жыныстарын құлату арқылы тау қысымын басқару. Бұл тәсілдің мәні тазалау жұмыстары жылжыған сайын үстінгі тау жыныстары массивін біртіндеп құлата отырып басқару (1 (б) сурет). Пайдалы қазбаны қазып алу және тау жыныстарының астын қазу нәтижесінде кентіректерге тірек қысымы ұлғаяды, жақын жатқан кен массиві және олардың деформациялану қаупі артады, сондықтан асты қазылған тау жыныстарын құлату арқылы қауіпті кернеулердің шамасын кезең сайын төмендету қажет. Жыныстардың құлауы жартылай немесе толық болуы мүмкін. Тау-кен қысымын басқарудың бұл тәсілі тұрақтылығы төмен және жарықшықтанған тау жыныстары жағдайында қолданылады. Тау жыныстарының тұрақтылығы мен пайдалы қазбаларды игеру кезеңіне байланысты асты қазылған массивтің тау жыныстарын еріксіз (ұнғымаларды аттыру арқылы) немесе өз салмағының әсерініен өздігінен құлатуға болады.
  4. Өңделген кеңістікті толтырмалау. Қауіпті деформацияны болдырмау үшін тұрақсыз, опырылуға бейім жыныстарында пайдалы қазбаны қазып алғаннан кейін қазылған кеңістікті толтырма материалымен толтырады (1 (в) сурет) [8].

Толтырма материалдары ретінде ұсақталған бос жыныстар, құм, қиыршық тас, металлургиялық зауыттардың шлактары және байыту фабрикаларының қалдықтары қолданылады.

Толтырмалау дегеніміз қазбаларды өндіріс қалдықтарымен, бос жыныстармен, байыту фабрикаларының қалдықтарымен немесе басқа материалдармен толтыру болып табылады. Толтырма шығындарды талап етеді, бірақ қабаттың қорын кентіректерді қалдырмай, жанама жыныстардың құлауын болдыртпай және кеннің ең аз шығыны мен құнарсыздануын қамтамасыз етуге, жер бетін және үстінгі тау жыныстары массивін сақтауға, жанғыш қауіпті кендерді игеруге, өндіріс қалдықтарын жер астына қалдыруға мүмкіндік береді.

Толтырманы түсті, сирек кездесетін, асыл және радиоактивті металдар кендерінің бағалы және орташа құндылығын, жоғары сапалы темір кендерін кейде тау-кен химиялық шикізаттарын игеруде қолданады.

Толтырмалаудың барлық тәсілдерін екі топқа бөлуге болады: біріншісі - толтырма қоспасының компоненттері өзара әрекеттеспейді, екіншісі - компоненттердің өзара әрекеттесуі кезінде олардың физикалық немесе химиялық жай-күйі өзгереді [6, 7].

Бірінші топқа құрғақ және гидравликалық толтырмалау тәсілдері жатады, екінші топқа – қатайғыш толтырмалау жатады.

Құрғақ толтырмалау кезінде өңделген кеңістікті толтыру кезінде ол бекітілмеген реттелетін массив жасалады. Құрғақ толтырмамен жасалған жасанды массивтің негізгі кемшіліктері-біртекті емес тығыздық және едәуір шөгу (20-да 40% - ға дейін). Қазылған кеңістікте толтырма материалдарын орналастыру өз салмағының әсерінен (өздігінен ағатын толтырмалау), әртүрлі механизмдер мен машиналардың көмегімен (машиналық толтырмалау) және материалды сығылған ауа ағысымен лақтыру арқылы (пневмокладка) жүзеге асырылуы мүмкін.

Гидравликалық толтырма толтырмалау процесін қарқындату арқылы тығыз жасанды массив алуға мүмкіндік береді. Алайда бұл жағдайда жасанды массив үлкен аумақты аршуға жол бермейді. Гидравликалық толтырма кезінде дренажды ұйымдастыру және судың көп мөлшерін шығару проблемасы туындайды.

Қатайғыш толтырмалар көп жағдайда міндетті компоненті ретінде гидратация нәтижесінде сумен барлық компоненттерді монолитке байланыстыратын тұтқыр материал алынады. Ол жасанды массивтің едәуір аршылуына жол береді, сондай-ақ жарылыс жұмыстарының әсерінен туындайтын динамикалық жүктемелерге шыдауға мүмкіндік береді.

Толтырманың бұл түрі басқа тәсілдермен салыстырғанда тазалап алу кезінде қауіпсіздікті айтарлықтай арттыруға, жоғалымдар мен құнарсыздануды азайтуға, әртүрлі мақсаттағы қорғау кентіректеріндегі кен қорын өңдеуді, жер беті мен шахта үстіндегі құрылыстарды сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қатайғыш толтырманы қолданудың кемшіліктеріне тұтқырлықтың едәуір шығынын, толтырма кешендерін салуға арналған қосымша күрделі шығындарды, неғұрлым жоғары еңбек шығындарын жатқызуға болады, бұл өз кезегінде кен өндірудің өзіндік құнының артуына әкеледі.

Тау жыныстары массивінің жай-күйін басқару тәсілі әр түрлі нақты жағдайларда тау-кен қысымының динамикалық әсерлерін, температуралық, гидро және газдинамикалық факторларды ескере отырып таңдалады. Тазалау қазбаларында тау-кен қысымын басқару үшін өңделген кеңістікті толтырмалау кеңінен қолданылады.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Т. Кабетенов «Совершенствование скважинной отбойки при разработке наклонных и крутопадающих рудных тел малой и средней мощности.» – Алматы 2014.
  2. ВНТП 37-86. Нормы технологического проектирования рудников цветной металлургии с подземным способом разработки.
  3. СН РК 2.03-04-2013 «Подземные горные выработки».
  4. Нормы технологического проектирования горнодобывающих предприятий с подземным способом разработки (методические рекомендации) (согласованы приказом Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года № 46).
  5. Проект отработки 14-16 горизонтов Тишинского рудника, корректировка. г.Усть-Каменогорск, Казгипроцветмет, 2004.
  6. Технологический регламент на разработку проекта «Отработка 14-16 горизонтов Тишинского рудника (горно-технологическая часть)» г. Усть-Каменогорск, ВНИИцветмет, 2001.
  7. Правила промышленной безопасности при ведении работ подземным способом. – Астана. 2008.
  8. Правила промышленной безопасности при взрывных работах. Астана: МЧС РК НИИЦ, 2008. – 448с.
  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №12 (69) том 5 ч. 1

  


Ссылка для цитирования:

Көкенай М.Ж. ТАЗАРТУ ҚАЗБАЛАРЫНДА МАССИВ ЖАҒДАЙЫН БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІНЕ ШОЛУ // Вестник науки №12 (69) том 5 ч. 1. С. 629 - 634. 2023 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/12148 (дата обращения: 17.05.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/12148



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2023.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.